БИЗНЕС-
күнтізбе
көру

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары

2018 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары өтті. 
Сапар барысында ҚР Премьер-Министрі Екібастұз қаласында «ЕЭК» АҚ «Восточный» көмір кенішінде болды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбек а.ж. жеті айдағы қызмет қорытындылары және өңірдің жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады. 
«ЕЭК» АҚ Президенті В.И. Гриненко кәсіпорындағы ағымдағы жағдай туралы баяндады және өндірістік үрдістің технологиялық тізбегімен таныстырды. 
ҚР Премьер-Министрі қуаты жылына 100 млн. м3 аршылым жынысы циклды-ағынды аршылым кешені жаңа объектісін іске қосты.
Одан әрі ҚР Премьер-Министрі жуырда ашылған «БНКА Энерджи» (Екібастұз қаласы) майнинг компаниясының қызметімен танысты. Дата-орталығының техникалық мүмкіндіктерін, майнинг ұяшықтары мен электрондық есептегіштер көрсетілді. 
Павлодар қаласында ҚР Премьер-Министрі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесті, онда бизнес жүргізу проблемалары талқыланды.
Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының экспортқа шығу, теміржол кластерінің ағымдағы жағдайы мәселелері көтерілді.

 

артқа