БИЗНЕС-
күнтізбе
көру

Екібастұздағы «Green House KZ» компаниясында биыл қызанақ өсіретін жылыжай ашылады

Екібастұз қаласындағы раушан күлін өсіретін «Green House KZ» компаниясы келешекте томат қызанағын өсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Компания директоры Айтмағамбет Сәрсенбекұлының сөзінше, томат қызанағын өсіру жұмысын жылдың соңына дейін бастау жоспарланған. – Бес гектар жерге жылыжай құрылысын жүргізудеміз. Өндірістік қуаты жылына 3600 тонна қызанақ өсіруге мүмкіндігі бар. Өнімдерімізді Қазақстанның барлық облыстарына және Ресейдің көршілес аймақтарына жібереміз. Жылыжай кешені замауи құрылғылармен жабдықталады. Сондай-ақ, қосымша 70 адамды жұмысқа қабылдаймыз. Бұдан  бөлек, гүлдің түрлерін де көбейтеміз деп отырмыз, – дейді Айтмағамбет Сәрсенбекұлы. Екібастұз қалалалық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Берік Қасымов бұл жобаға мемлекет тарапынан қолдау болатынын айтады. – «Green House KZ» жылыжай кешені бұған дейін раушан гүлін өсіру арқылы танылған болса, енді қызанақ өсіруді қолға алмақ. Бұл біздің қаладағы ең ауқымды инвестициялық жобалардың бірі. Сондықтан, мемлекет тарапынан барынша қолдау болады. Сатып алған минералды тыңайтқыштарға және басқа да техникалық құрал жабдықтар шығынының 50 пайызына субсидия берілетін болады, – дейді Берік Қасымов.

Тілеуберді Сахаба
pavlodarnews.kz

артқа