БИЗНЕС-
күнтізбе
көру

ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде өтетін Шаньси аптасы

Шаньси провинциясы 11 жетекші қытайлық провинцияның бірі ретінде Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысады.
2017 жылғы 5 – 9 шілде аралығында Қытай Ұлттық павильонінде Шаньси аптасы өтеді.

Көрме іс-шаралары шеңберінде «Шаньси провинциясы өнеркәсібінің басым салаларында халықаралық өндірістік ынтымақтастық жобалары» таныстырылымы, «Ежелгі қытай өркениеті – көркем шаньси суреті» Шаньси бойынша туризм таныстырылымы, «Шаньси брендтерінің Жібек жолы (Қазақстан) бойынша жорықтары» көрмесі, сауда мен өзара инвестицияларды кеңейту бойынша келіссөздер, «Жаңа энергетика, жаңа технологиялар» көрмесі, мәдени алмасу іс-шаралары өтеді.

Шаньси провинциясы Павлодар облысымен орнатылған достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға көңіл бөлуде.

Екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі жылжыту мақсатында Шаньси провинциясының халық үкіметі Павлодар өңірінің кәсіпкерлерін Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде өтетін Шаньси аптасына қатысуға шақырады және тиісті ведомстволардың басшыларымен және кәсіпорындар директорларымен өзара мүдделі ынтымақтастық жобалары бойынша мәселелерді талқылауды ұсынады.

Шаньси провинциясы делегациясының құрамына химия, көмір химиясы, машина жасау, энергетика, құрылыс және фармацевтика саласындағы 20 компанияның өкілі енген.

Делегацияны Шаньси провинциясының халық үкіметі (ҚХР) Губернаторының орынбасары Ван Исинь басқарады.

http://www.innovations.pavlodar.gov.kz

артқа