Корпоративтік қаржыландыру
Инвестициялық жобаларға орта және ұзақ мерзімді несие беру жүйесі жаңа өндіріс орындарын құруға, жұмыс жасап жатқан өндірістерді кеңейтуге және жаңартуға, сонымен қоса, активтер, акциялар пакетін (қатысу үлесін), мүліктік кешендерін алуға бағытталған.
Қарыздың ең төменгі сомасы – 7 (жеті) миллиард теңге
Азық-түлік және сусын өндірісі саласында жүзеге асырылатын жобалар үшін – 3 (үш) миллиард теңге
Қарыздың ең төменгі мерзімі– 5 жыл.
Компанияның өзіндік қатысуының өлшемі – инвестициялық жоба сметасының сомасынан 20% кем болмайды.
Инвестициялық жобалар аясында ағымдағы қызметке айналым қаражаты мақсатында несие беру. Ұсынылатын қарыздың ең жоғарғы үлесі – жоба бойынша мақұлданған несие желісі сомасынан 40% дейін, егер уәкілетті органның шешімімен басқалай анықталмаса.
Қарыз алу мерзімі – инвестициялық жобаны қаржыландыру мерзімінен кем.
Лизингтік мәмілелер
Мамандандырылған бөлімшелер мен еншілес ұйымдарға негізгі қызметке ілеспе немесе оған байланысты бағыттарды бөлу арқылы салалық немесе географиялық тұрғыдағы қызметті әлдеқайда терең мамандандырудан пайда алу мақсатында 2015 жылы Даму Банкінің 100% қатысуымен «ҚДБ-Лизинг» АҚ еншілес лизингтік компаниясы құрылды. «ҚДБ-Лизинг» АҚ қызметі өңдеу өнеркәсібіндегі, өндірістік және көліктік инфрақұрылымдағы инвестициялық жобаларға лизингтік қаржыландыру ұсынуға бағытталған.
«ҚДБ-Лизинг» АҚ қызметтері орташа және ірі бизнеске арналған, лизинг берушіні қаржыландыру кезіндегі минималды сома 1 (бір) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде орнатылады, лизинг мерзімі 20 жылға жетеді, сыйақы мөлшерлемесі отандық кәсіпорындар үшін тартымды болып табылады, оған қоса жабдықтар сатып алу, жеткізу, кедендік рәсімдеуді компания өз мойнына алады.
«ҚДБ-Лизинг» АҚ қаржыландыруға инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде Даму Банкі сияқты қосымша құны жоғары өндірістермен технологиялық байланысты тізбекті қалыптастыратын жобаларға және қазақстандық өндірушілердің әлем нарықтарына шығуы тұрғысынан перспективалы жобаларға артықшылық беріледі.
2011 жылдан бастап «ҚДБ-Лизинг» АҚ «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасының қаржы лизингін ұсыну тұрғысынан негізгі операторы болып табылады.
Экспорт алды қаржыландыруы
Әрі қарай экспорттық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтар мен шикізатты сатып алуды қаржыландыру
Қарыздың ең төменгі сомасы* – $5 млн. Егер қаржыландыру шарттары ҚР Үкіметімен бекітілген болса, қаржыландырудың ең төменгі сомасына шектеу қою жөніндегі меморандумның 18 т. талабы банкпен қолданылмайды.
Қарыз беру мерзімі экспорттық операцияның шарттарына байланысты анықталады (5 жылға дейін).