География
Тарихы
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы- Павлодар қаласы, Қазақстанның ең әсем қалаларының бірі, Қазақстанның ең ірі өзені, Ертістің жағасында орналасқан.
Ежелгі кездер
Орта ғасырлар
Біздің заманымыз
20 ғасырдың бірінші жартысында Құлынды-Павлодар (1923) темір жолының салынуымен және Ертістегі кеме қатынастың дамуымен шаруашылық жылдам қарқынмен дамыды. 1938 жылы облыс орталығына айналған Павлодар кеме жүзетін Ертіс өзенінің және темір жолдың қиылысында орналасып қалды, Екібастұзбен, Оралмен, Сібірмен сенімді байланысқа ие болды. Бұл қаланың және облыстың кейінгі дамуына мүмкіндік тудырды. Шағын шеберханалардың орнына ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар тұрғызылды. 1956 жылдан бері Павлодар тың және тыңайған жерлерді игеру орталықтарының біріне айналды. Тың игеру нәтижесінде облыстың егістік аудандары оңдаған есеге артты. Көмір шығару және тыңды игеру Павлодар облысының өндірістік күштерінің дамуына ықпал етті. Оңтайлы экономикалық- географиялық орналасуы, бай ресурстары, көліктік жолдардың, Ертіс-Қарағанды каналының
болуы құрамына Павлодар, Екібастұз, Ақсу (Ермак) кірген 1957 жылы Павлодар-Екібатұз
аймақтық-өнеркәсіптік кешеннің құрылуына мүмкіндік тудырды. Арзан Екібастұз көмірінің
негізінде энергетикалық база құрылды және өнеркәсіптің жаңа салалары дамыды: қара және түрлі-түсті металлургия, машина жасау, алюминийлік, мұнай өңдейтін және химиялық сала. Қазіргі кезде Павлодар облысы барлық облыстар арасында жоғары өнеркәсіптік әлеуетімен ерекшеленеді, көп салалы ауыл шаруашылығы бар, ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін толық қамсыздандырады. Бұнда көліктің, теңіз көлігін қоспағанда, басқа түрлері және өндірістік емес барлық салалар дамыған.
Мәдениет
Павлодарлықтар рақаттанып театрларға, мұражайларға, кітапханаларға, мәдени-сауықтыру мекемелерге барады. Қаланың мәдени-діни мұрасының ең маңызды объектілері – ол Мәшһүр Жүсіп атындағы Орталық мешіт және Благовещенск кафедралы соборы. Қала тұрғындары мұнда тек қана діни жораларды орындамайды, сонымен қатар осы құрылыстарды әдемі сәулеттік ғимараттар деп қабылдайды. Дәстүрлі түрде қаланы көгалдандыруға ерекше назар аударылады, әсіресе қалалықтардың көпшілігі демалатын жерлерде. Қаланың аймағында 33 гүл бағы, 5 желекжолдар, Ертіс өзенінің абаттандырылған Орталық жағалауы орналасқан.
Бос уақыт өткізу орындары
2 театр
- Ж.Аймауытов атындағы Қазақ облыстық музыкалық драма театры,
- А.П. Чехов атындағы Облыстық драма театры
5 мұражай
- Потанин атындағы Облыстық өлкетану мұражайы,
- Облыстық көркем мұражайы,
- Бұхар Жырау атындағы Облыстық әдебиет және мәдениет мұражайы,
- П. Васильев атындағы Мұражай үйі,
- Шафердің үйі
4 Мәдениет үйі
- «Космос»Достық Үйі,
- Естай атындағы Қалалық мәдениет сарайы,
- «Шаңырак» Ұлттық шығармашылық орталығы,
- «Космос» Жастар үйі
Бос уақытты өткізетін басқа орталықтар
Туризм
Павлодар облысы өзінің бірегей табиғатының, географиялық орналасуымен, тарихымен туризмді дамыту үшін жеткілікті жоғары әлеуетке ие. Ішкі және келушілер туризміне ерекше артықшылық беріледі.
Дамудың серпіні.
Туристтердің саны
Туристтік бизнес.
Негізгі туристтік аймақтар
Объект туралы.
Аймағы туралы.
Аймағы туралы
Аймағы туралы.
Экономика
Павлодар облысы- Қазақстанның басты индустриялық өңірінің бірі. Мұнда ТМД экономикалық кеңістіктігіндегі минералды және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын, дәстүрлі күрделі өндірістер мен кәсіпорындардың оңтайлы үйлестіретін бар ірі аймақтық- өндірістік кешенінің бірі ретінде тарихта қалыптасып отыр. Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, Орта Азия мен Сібір арасындағы байланыс рөлі әртүрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіппен айналушылары мен кәсіпкерлерінің назар аударып отыр.