БИЗНЕС-
күнтізбе
көру

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасын индустрииялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) «Қазақстан – 2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының «Экономиканы әртараптандыруды жеделдету» деген түйінді бағытын іске асыру үшін, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 ел қатарына кіру жөніндегі тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген. Бағдарлама Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі – ҮИИДМБ) қисынды жалғасы болып табылады және оны іске асыру тәжірибесі ескерілген. Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі болып табылады әрі күш-жігер мен ресурстарды секторлардың шектеулі аясына, өңірлік мамандануға шоғырландыра отырып, кластерлік тәсілді қолдану арқылы өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға және тиімді салалық реттеуге бағытталған.
Өнеркәсіп салаларын дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіру, индустрияны дамыту саласында ұлттық даму институтының базасында даму институттары арқылы қолдау жүйесін реттеу үшін индустриялық саясат саласында белгіленген тәртіппен құзыреттер орталығын қалыптастыру көзделіп отыр, оның қызметінің негізгі бағыттары: Елді индустриялық дамытуды ақпараттық-талдамалық қолдау; Бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеу;
өнімділікті жоғарылату бағдарламаларын дамыту; өнім берушілер жүйесін дамыту және жаһандық салалық тізбектерге ықпалдасу; кластерлерді қолдау бойынша мемлекеттік саясатты үйлестіру; әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі жол карталарын әзірлеу; Индустрияландыру картасын сүйемелдеу; жедел қызметтерді қолдау және Комиссияны талдамалық қамтамасыз ету; Бағдарламаны басқару кеңсесін құру және дамыту.

 Бағдарламаның паспорты

Атауы Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме

1. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
2. Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы
3. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырма

Жауапты орындаушы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Мақсаты Өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру
Міндеттер 1) өңдеуші өнеркәсіпті озыңқы дамыту;
2) басым секторларда тиімділікті арттыру және қосылған құнды ұлғайту;
3) шикізат емес тауарларды өткізуге арналған нарықтарды кеңейту;
4) өнімді жұмыспен қамтуды ұлғайту;
5) өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларын технологияландыруды жаңа деңгейге көтеру және инновациялық кластерлер қалыптастыру арқылы болашақтың секторларын дамыту үшін негіз жасау;
6) өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті ынталандырып, шағын және орта бизнесті дамыту.
Іске асыру мерзімі 2015-2019 жылдар
Нысаналы индикаторлар

2012 жылдың деңгейіне қатысты 2019 жылы мына экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу:
1) өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін нақты мәнде 43 %-ға ұлғайту;
2) өңдеуші өнеркәсіпте жалпы қосылған құнды нақты мәнде кемінде 1,4 есе ұлғайту;
3) өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін нақты мәнде 1,4 есе ұлғайту;
4) шикізаттық емес (өңделген) экспорт құнының көлемін кемінде 1,1 есе ұлғайту;
5) өңдеуші өнеркәсіптің энергия сыйымдылығын 2012 жылдың деңгейіне қатысты кемінде 15 %-ға азайту;
6) өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтуды 29,2 мың адамға ұлғайту.Увеличение к уровню 2012 года:

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны 2015 – 2019 жылдары іске асыруға республикалық бюджетте көзделген жалпы шығыстар 643 909,6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
2015 жылы – 327 506,3 млн. теңге*
2016 жылы – 111 324,6 млн. теңге*
2017 жылы – 74 464,6 млн. теңге*
2018 жылы – 64 785,3 млн. теңге*

 

 

артқа