БИЗНЕС-
күнтізбе
көру

Көрікті жерлер

Павлодар облысы туралы

Павлодар облысы Қазақстан Республикасының солтүстік шығысында және дала мен шөлейіт аймақтарында орналасқан. Облыстың аймағы бойынша, оны оңтүстіктен солтүстікке дейін кесіп өтіп, кемелер жүретін Ертіс өзені ағады, шығыстан батысқа Оңтүстік Сібір теміржол желісі өтеді. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі. Облыстың аймағы 124,8 мың шаршы метрге тең. Ақындар мадақтаған Павлодар өзінің қонақтарын кең даңғылдарымен және көшелірмен, көлеңкелі саябақтарымен және саяжолдарымен, гүлзарларымен және бұрқақтарымен таңдандырады, бұнда жылдың қандай болса да мерзімінде таза, жарық және жайлы.

Көрікті жерлер

Ескерткіш туралы

Сәулеттің қазіргі ескерткіштерінен Собор өзінің көлемімен таңғалдырады. Ол 1999 жылы салынған. Павлодарлық сәулетшілер негіз ретінде Мәскеу Кремлінің соборының біреуін алған. Қоңыраулары Мәскеуде, Лихачев атындағы зауытта құйылған, олардың саны тоғыз. Ең үлкен қоңыраудың салмағы 1024 кг. Шіркеудің аспаптары Софрино қаласында (Мәскеу обл.), ішінара Павлодар қаласының жиһаз фабрикасында әзірленген. Бүтін күмбез сирек кездесетін сәулеттік зат болып табылады. Күмбездің үстіндегі алты жалатылған крест 51 метр биіктікте орналастырылған. Ғибадатханда нәзік күмбездер мен аркалар, алтын кресттері бар жоғарыға орналастырылған күмбездер, нәзік мнаралар, қоңыраухана- ғибадатхананы біргей сәулеттік ансамбіліне айналдырады.

 

Аймағы туралы

Ертіс өзенінің жағалауы қала тұрғындарының және қала қонақтарының  сүйікті демалыс орны болып табылады. Өзен жағалауының құрылысы, табиғи бедерді есепке алып, террасалық қағидасына негізделеген. Жоғарғы терраса – ол бар саябақтың деңгейі. Басты терраса – ол барлық саяжолдарды бірыңғай жағалауға біріктіретін орталық саяжол. Төменгі терраса- ол жағажайдың өзі. Саябақтың орталық осімен біріктіретін басты түсудің орталық осі композициялық шешімнің негізгі желісі болып табылады. Осы осьтің тұйықталған жерінде көру алаңы орналасады. Орталықтан түсу баспалдық марштарымен және бұрқақтармен көрсетілген. Орталық жағалау, бірыңғай сәулеттік ансамбльді құрып, қаланың орталық алаңына тиіп тұр. Жобаны «Павлодар-гражданпроект» институты әзірлеген. Бұрынғы іскерлік орталықтың ескі ғимараттары сақталып қалған Ленин көшесі «ескі қаланы» көрсеткендей.

 

Ескерткіш туралы

1890 жылы мал сатумен айланысатын бай үшін салынған. Үлкен терезелері бар биік үй, үй астында айтарлықтай кең жайы бар. Төбені өзара қақталған қалқандармен біріктірілген 9 мұнара аяқтайды. Бастырмамен және әшекейлі, қақталған бүйірлік тормен көше жақта кіреберісі бар. Осы ғимаратта 1944 жылы қаладағы тұңғыш өлкетану мұражайы орналасқан, қазіргі күні онда облыстық тарихи-өлкетану мұражайдың қорлары орналасқан.

 

Ескерткіш туралы

Майра Шамсутдинованың атындағы ән шығармашылығының мұражай үйі 2001 жылғы 30 қаңтарда құрылған болатын. Мұражай келушілерді біздің жерлесіміз, өткен ғасырдың 20 жылдардағы әйгілі әнші және композитор Майра Шамсутдинованың өмірімен және шығармашылығымен таныстырады. Майра балалық шағынан бастап, өзін гармоньмен сүйемелдеп, ән салатын, ән шығаратын. Ол қысқа ғұмырында әйгілі этнограф А.В. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 және 500 әні» деген жинағына енгізілген бірнеше ән шығарған. Мұражай көпес Абдул Фаттах Рамазановтың үйінде орналасқан.

 

Ескерткіш туралы

Rөпес А. Деровтың Сауда үйі сәулеттік ескерткіші Павлодардың мақтаныша болып табылады. Ғимарат 1896 жылы сәулетші П. Батовтың жобасы бойынша 1-і гильдияның әйгілі көпесі және қаланың құрметті азаматы А. И. Деровтың ақшfсына салынған. Бұл ұзындығы және көлемі бойынша қаланың көпес бөлігінің ең үлкен құрылыстарының бірі болған. Сауда үйі- ірі ғимарат, қазір көпес сәулетінің ескерткіші, сібірлік «модерн» деп аталатын стильде сипатты әшекейлер мен розеткалармен салынған. Терезелердің, есіктердің, жоғарғы жақтаулардың, қылтималардың жиектенуіне ерекше назар аударылған. Қабырғалар доңғалақ розеткалар, шығыңқы жерлер түріндегі әшекейлі жиектемелермен әшекейленген. Ғимараттың жоғарғы бөлігі нәзік істелген қақталған торлары бар мұнаралармен әшекейленген. Екінші қабатты қылтима аяқтайды. Қазір ғимарат Филатовтың бұрыңғы үйімен қосылған, мұнда облыстық тарихи-өлкетану мұражайдың қойылымы орналасқан

 

Ескерткіш туралы

Олар 1903-1904 жылдары 1901 жылда базар алаңында барлық ағаш құрылыстар- бастырмалар, дүкеншіктер, шіркеу өрттен өртеніп кеткеннен кейін салынған болатын. Базар алаңы қаланың сауда орталығы болатын. Онда толық салынып шықпаған Владимр соборының күмбездері, Коромысловтың ағаш циркі көрініп тұрды. ҰОС жылдарында бұрынғы сауда қатарлары «Октябрь» зауытына берілді. 1956 жылы сауда атарларының солтүстік бөлігінде «Колос» кинотеатры ашылды. Қазіргі уақытта ғимарат жеке тұлғаға тиесілі, бірақ ҚР заңы бойынша, қалпына келтіру жұмыстарды жүргізгенде меншік иесі ғимараттың тарихи бет-бейнесін сақтап қалуға міндетті. Сауда қатарлары сәулеттің ескерткіштері ретінде қазір қалпына келтірілгендері, ғимараттың тарихи бет-бейнесі жасалғаны қуантады.

Ескерткіш туралы

Бұрын осы екі ғимарат көпестер Суриков пен ағайынды Баландиндардың дүкендері болған. Үйлер ХІХ ғасырдың тоқсаныншы жылдары салынған, олар біздің кезімізге дейін сақталған тас қақпамен біріккен болатын. 1920 жылдан кейін үйдің біреуінде көп уақыт “Ударник” кинотеатры, ал 1969 жылдан “Пионер” кинотеатры орналасқан болатын. 1982 жылда өрттен кейін ғимарат қалпына келтірілді және Чехов атындағы драма театрына берілді. Екі рет қалпына келтірілген көпес Баландиндардың үйі 1925 жылы қызыл әскер клубына берілді, кейін ол Жұмыс клубы деп аталатын болды. Қазіргі уақытта мұнда Чехов атындағы драма театрының негізгі ғимараты орналасады. Екі ғимарат қайта қалпына келтірілген, бастапқы бет-бейнесін қалыпына келтіру үшін қызыл кірпішпен қапталған.

Ескерткіш туралы

Ескі павлодардың ірі ғимараттарының бірі, Ленин көшесінде драма театрына қиғаштап орналасқан. Өткен ғасырдың басындағы модернизмнің және көпес сәулетінің элементтері, басты кіреберісте шатыр мұнарасы бар, ортада фронтоны бар әдеттегі ғимарат. Әрлеудің басқа сипатты элементтері болып қабырғалардағы және ғимараттың бұрыштарындағы шығыңқы жерлері, мәрмәр гүлсауыттар және төбедегі паркет табылады. Төбеде әшекейлі торлармен біріккен кішкентай мұнаралар.

1917-20 жж.-ға дейін С. Я. Охапкин оны әртүрлі сақтандыру және банк кеңселеріне жалға берген.

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылынан кейін және бүгінгі күнге дейін ғимаратта медициналық мекемелер орналасқан

Ескерткіш туралы

Бұл үйде фотограф және өлкетаанушы, тарихи-өлкетану мұражайдың негізін қалаушы, Павлдардың бірегей фото шежіресін құрастырушы Дмитрий Поликарпович Багаев өмір сүрген және жұмыс істеген. Шыны төбесі, үлкен панносы және ішкі көрінісінің заттары бар үйге қоса салынған фотосалон сақталып қалған.

Ескерткіш туралы

Көпес зайцевтің үйі ағаштан үй салу өнерінің ескерткіші Павлодардың мақтанышы болып табылады. Үй 1897 жылы кейін қала басшысы болған сыра зауытының меншік иесі Пятковтың тапсырысы бойынша салынған. Үлкен, ағаштан салынған үй епті қиылған оюлармен әшекейленген, төбесінде металл жақтаулар орнатылған. Үйдің қабырғалары, жақтаулары және есіктері шебермен тоқылған жеңіл шілтер оюлармен астарлап әшекейленген сияқты. Ағашқа салынған оюларды сәулетші Батовтың нобайлары бойынша павлодарлық және славгородтық шеберлер Косарев, Чечеткин және басқалары салған. Үйдің тағы бір ерекшелігі болып доңғалақ дәліз- ғимараттың ортасынан шығып тұратын қосалқы бөлметабылады. Көптен тұратындардың әңгімелері бойынша, бұл өосалқы бөлме арнай тапсырыс бойынша көпес Пятковтың қатты сырқаттанған қызы үшін салынған екен. Үйде қыш тақташалы алауошақ сақталып қалған. Кейін осы үйді малды сатумен айналасқан Зайцев сатып алыған. 1990 жылдан бері көпес Зайцевтің үйінде әдебиет мұражайы орналасады

Кешен туралы

Бұл 1800 шаршы метрді қамтитын бірегей құрылыс. Жасанды мұзы бар 250 коньки жұбы үшін арналған мұз айдыны басты орын алады. Жасанды мұздың бетін ерекше полимер партфлормен төсеуге болатыны және мұз айдыны баскетбол, волейбол бойынша және басқа сайыстар өткізуге болатын спорт залына айналатыны ерекешлік болып табылады. Үй-жайда ерекше салқын және таза ахуалды жасап, тәулік бойы тоңазытқыш қондырғысы жұмыс істейді. Мұзды тазалау және тегістеу үшін арнайы машина бар. Сонымен қатар әйелдер және ерлер үшін екі жаттығу залы бар. Фитнес- клуб, бассейні бар сауна, алты теннис үстелі, буфет, спорт киімнің дүкені бар. Спорт-сауықтыру кешені қаланың сәулеттік жаңашылдығына және қалалықтардың белсенді демалуларының сүйікті орындарының біреуіне айналды.

Кешен туралы

Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіттің сәулеттік құрылысы әсемдігімен және айбындылығымен қайран қалдырады. Қаланың басты мешіті қаланың әртүрлі шеттерінен көрініп тұрады. Шаңырақ түріндегі көк түсті күмбездің басында алтын жарты ай, жоғарыға ұмтылған көк мұнаралары және айбынды саты – жаңа мешіттің ерекшеліктері. Мешіттің ғимараты мөлшері 48Х48 метрлік сегіз ұшты жұлдыз болып көрінеді, мұнаралардың биіктігі- 63 метр, жарты айы бар күмбездің биіктігі- 54 метр. Мешіттің әшекейі- 434 шамдары бар «Зумрад» таза шыны аспашамы, ол Ташкентте әзірленген. Мешіт Павлодардың орталығында орналасқан және сәулеттік, сатының табанынан қарайтын болсақ, бейбітшілік және мейірімділік үшін ашық жүрекке ұқсас.

 

Ескерткіш туралы

Торайғыров және Сәтпаев көшелерінің қиыолысында үлкен тұрғын алабының аясында 2000 жылғы 25 қазанда ақын С. Торайғыровқа ескерткіш орнатылған. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ демократ ақыны, Баянауыл ауданының тумасы. Қысқа ғұмыр кешіп, ол қазақ әдебиетінде өзінің ашық ізін қалдырды.

Ақынның ескерткіші қоладан, тұғыры қызыл және қара граниттен жасалған. Мемориалдың аясы болып табылатын көркем мұражайдың қабырғасы авторы жас дарынды сәулетші Мұрат Мәнсүров табылатын екі сюжеттік бедермен толтырылған. Ол С. Торайғыровтың шығармаларының тақырыптарын пайдаланған. Әр бедердің биіктігі 3 метр, ені 6 метр. Ескерткіш қарағайдың қасында тұрған ақынның қола пішіні болып көрінеді. С. Торайғыров лирик ақыны және романтик ретінде бейнеленген- жастыққа тиесілі сипаттар. Қайғылықтың элементтерін тұғыдың шешімі толықтырады- қызыл және қара граниттің үйлесуі және пирамида түріндегі екі кішкентай сәулеттік нысандар. Пирамидалар ақын айтарлықтай ұзақ өмір сүргенде қазақ әдебиетінде одан да биік шыңдарға жете алатынын көрсетеді. Мүсіннің авторы Өнерге Еңбегі сіңген қайраткер Есхан Сергебаев. С. Торайғыровтың мемориалы қаланың әшекейіне және республикалық маңызды ескерткішке айналды.