- Стандарттың 5, 6, 7 және 8-қосымшаларына сәйкес өтініш.
- Заңды тұлғаның жарғысы немесе ережесі;
Акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi) ұсынылмайды.
- Жарғыны қабылдаған жиналыстың (конференция, съезд) төрағасы мен хатшысының қолдары қойылған жарғыны қабылдаған құрылтай жиналысының (қоғамдық және діни бірлестіктер үшін – конференция, съезд) хаттамасы, не заңды тұлғаның уәкілетті органының не құрылтайшының заңды тұлғаны құру туралы шешімі.
- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда түбіртек немесе бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенін растайтын құжат.
- Қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық бірлестігінің орналасқан жерін растайтын құжатты ұсынады; қосымша бастамашы азаматтардың тегi, аты, әкесiнің аты, туған күнi, айы, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, үй мен қызмет телефондары, жеке қолтаңбасы көрсетілген тiзiмiн қосымша ұсынады.
- Діни бірлестіктер келесі құжаттарды қосымша ұсынады: бірлестік орналасқан жерді растайтын құжат, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні, айы, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі және жеке басын куәландыратын құжаты туралы мәліметтер, тұрғылықты мекенжайы, үй және қызмет телефондары, электронды және қағаз тасымалдаушыдағы жеке қолтаңбасы көрсетілген құрылатын діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының және басқарушы органының тізімі, діни оқудың пайда болу тарихы мен негізін ашатын және оған тиісті діни қызметтер туралы мәліметтерді қамтитын діни баспа материалдары.
- Саяси партиялар екі данада партия бағдарламасын; құрамында кем дегенде қырық мың партия мүшесі болуы тиіс, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), айы, жылы, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы көрсетілген әрқайсысында саны кемінде алты жүз партия мүшесі бар барлық облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астанада партияның құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) өкілдік ететін партия мүшелерінің тізімін қосымша тапсырады.
- Шетел қатысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе қосымша:
- сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен қоса берілген басқа да заңдастырылған құжатты;
- нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшы паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжатты табыс етеді.
- Қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рұқсаты қосымша беріледі.
- Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне жататын заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилинрленген тұлғалар үшін, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады.
- Тұтыну кооперативтерi азаматтың – тегін, атын, әкесiнiң атын, тұрғылықты жерін және оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, сондай-ақ, егер тұтыну кооперативының мүшесі заңды тұлға болып табылса, ұйымның атауын, тұрған жерін және банктік деректемелерін көрсете отырып, тұтыну кооперативі мүшелерінің тізімін табыс етеді.
- Су пайдаланушылардың ауылдық тұтынушы кооперативтері қосымша тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке қолы, тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетілген кооператив мүшелерінің тізмі, сонымен қатар бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетілген заңды тұлғалардың атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ су пайдаланушылар кооперативі мүшелерінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің бар-жоғы туралы мәліметтерді тапсырады.
- Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері де тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты мекенжайын көрсете отырып осы кооперативтердің мүшелерінің тізімін ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Бірігу, қосылу, қайта құру кезінде өткізу актісі, бөлу, бөліп шығару кезінде заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша мұрагерлік туралы ережелері көрсетілген бөліністік теңгерім, заңды тұлғаның уәкілетті органының өткізу актісі мен бөліністік теңгерімді бекіту туралы шешімі, сонымен қатар заңды тұлғаны қайта құру туралы кредиторларға жазбаша хабарлама жіберілгені туралы растайтын құжат ұсынылады.
Орта және ірі кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде, құрылтайшы немесе құрылтайшылардың біреуі, немесе жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мемлекеттік органдар не Ұлттық Банк болып табылатын жағдайларда құрылтайшының уәкілеттік берген адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, өтінішке қол қойып тіркеуші органға тапсырады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемелкеттік тіркеу кезінде құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, өтінішке қол қойып тіркеуші органға тапсырады.