БИЗНЕС-
күнтізбе
көру

«Павлодар облысының Екібастұз қаласында сыртқы жарықтандырудың электр желілерін жаңғырту және пайдалану» жобасы бойынша екі кезеңдік процедураларды қолдана отырып, жеке әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізу

Павлодар облысының әкімдігі 2017 жылғы 13 маусымдағы «Павлодар облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы» ММ атынан, 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32, «Павлодар облысының Екібастұз қаласында сыртқы жарықтандырудың электр желілерін жаңғырту және пайдалану» жобасы бойынша екі кезеңдік процедураларды қолдана отырып, жеке әріптесті анықтау бойынша конкурстың 1-кезеңі өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және жеке әріптесті таңдау бойынша конкурстық құжаттамаға сәйкес келетін барлық әлеуетті қатысушылар қатыса алады.
Әлеуетті қатысушыларға қатысу және конкурс ұйымдастырушысына ұсыну үшін қойылатын талаптар техникалық тапсырмаларда және 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 мемлекеттік- жекешілік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру Қағидаларының № 3 қосымшасында көрсетілген.
Техникалық тапсырмалар көшірмелерінің пакетін конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап, сағат 9-00- ден 13-00 дейін және 14-30- дан 18-30 дейін, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 123 бөлме немесе kense.uekh@pavlodar.gov.kz мекенжайы бойынша алуға болады.

Техникалық ұсыныстар, сондай-ақ біліктілік іріктеу үшін құжаттарды Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 123 бөлме мекенжайы бойынша «Павлодар облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы» ММ-іне өз қолдарымен ұсынады. Техникалық тапсырмалар шешімімен конкурстың 1-кезеңі бойынша құжаттарды ұсынудың соңғы кесімді мерзімі – 2017 жылғы 13 маусым күні сағат 13.00 дейін. Анықтамалық ақпаратты «Павлодар облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы» ММ-інен 8 (7182) 322220 телефоны, kense.uekh@pavlodar.gov.kz эл.мекенжайы бойынша, «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-інен 8 (7182) 321430 телефоны бойынша алуға болады.

артқа