Павлодар облысы туралы
Павлодар облысы Қазақстан Республикасының солтүстік шығысында және дала мен шөлейіт аймақтарында орналасқан. Облыстың аймағы бойынша, оны оңтүстіктен солтүстікке дейін кесіп өтіп, кемелер жүретін Ертіс өзені ағады, шығыстан батысқа Оңтүстік Сібір темір жол желісі өтеді. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі. Облыстың аймағы 124,8 мың шаршы метрге тең. Ақындар мадақтаған Павлодар өзінің қонақтарын кең даңғылдарымен және көшелірмен, көлеңкелі саябақтарымен және саяжолдарымен, гүлзарларымен және бұрқақтарымен таңдандырады, бұнда жылдың қандай болса да мерзімінде таза, жарық және жайлы.
Көрікті жерлер
Ескерткіш туралы
Төңіректер туралы
Ескерткіш туралы
Ескерткіш туралы
Ескерткіш туралы
Ескерткіш туралы
Ескерткіш туралы
Ескерткіш туралы
Ескі павлодардың ірі ғимараттарының бірі, Ленин көшесінде драма театрына қиғаштап орналасқан. Өткен ғасырдың басындағы модернизмнің және көпес сәулетінің элементтері, басты кіреберісте шатыр мұнарасы бар, ортада фронтоны бар әдеттегі ғимарат. Әрлеудің басқа сипатты элементтері болып қабырғалардағы және ғимараттың бұрыштарындағы шығыңқы жерлері, мәрмәр гүлсауыттар және төбедегі паркет табылады. Төбеде әшекейлі торлармен біріккен кішкентай мұнаралар.
1917-20 жж.-ға дейін С. Я. Охапкин оны әртүрлі сақтандыру және банк кеңселеріне жалға берген. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылынан кейін және бүгінгі күнге дейін ғимаратта медициналық мекемелер орналасқан
Ескерткіш туралы
Бұл үйде фотограф және өлкетаанушы, тарихи-өлкетану мұражайдың негізін қалаушы, Павлдардың бірегей фото шежіресін құрастырушы Дмитрий Поликарпович Багаев өмір сүрген және жұмыс істеген. Шыны төбесі, үлкен панносы және ішкі көрінісінің заттары бар үйге қоса салынған фотосалон сақталып қалған.
Ескерткіш туралы
Көпес зайцевтің үйі ағаштан үй салу өнерінің ескерткіші Павлодардың мақтанышы болып табылады. Үй 1897 жылы кейін қала басшысы болған сыра зауытының меншік иесі Пятковтың тапсырысы бойынша салынған. Үлкен, ағаштан салынған үй епті қиылған оюлармен әшекейленген, төбесінде металл жақтаулар орнатылған. Үйдің қабырғалары, жақтаулары және есіктері шебермен тоқылған жеңіл шілтер оюлармен астарлап әшекейленген сияқты. Ағашқа салынған оюларды сәулетші Батовтың нобайлары бойынша павлодарлық және славгородтық шеберлер Косарев, Чечеткин және басқалары салған. Үйдің тағы бір ерекшелігі болып доңғалақ дәліз- ғимараттың ортасынан шығып тұратын қосалқы бөлме табылады. Көптен тұратындардың әңгімелері бойынша, бұл өосалқы бөлме арнай тапсырыс бойынша көпес Пятковтың қатты сырқаттанған қызы үшін салынған екен. Үйде қыш тақташалы алауошақ сақталып қалған. Кейін осы үйді малды сатумен айналасқан Зайцев сатып алыған. 1990 жылдан бері көпес Зайцевтің үйінде әдебиет мұражайы орналасады
Кешен туралы
Бұл 1800 шаршы метрді қамтитын бірегей құрылыс. Жасанды мұзы бар 250 коньки жұбы үшін арналған мұз айдыны басты орын алады. Жасанды мұздың бетін ерекше полимер партфлормен төсеуге болатыны және мұз айдыны баскетбол, волейбол бойынша және басқа сайыстар өткізуге болатын спорт залына айналатыны ерекешлік болып табылады. Үй-жайда ерекше салқын және таза ахуалды жасап, тәулік бойы тоңазытқыш қондырғысы жұмыс істейді. Мұзды тазалау және тегістеу үшін арнайы машина бар. Сонымен қатар әйелдер және ерлер үшін екі жаттығу залы бар. Фитнес- клуб, бассейні бар сауна, алты теннис үстелі, буфет, спорт киімнің дүкені бар. Спорт-сауықтыру кешені қаланың сәулеттік жаңашылдығына және қалалықтардың белсенді демалуларының сүйікті орындарының біреуіне айналды.
Кешен туралы
Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіттің сәулеттік құрылысы әсемдігімен және айбындылығымен қайран қалдырады. Қаланың басты мешіті қаланың әртүрлі шеттерінен көрініп тұрады. Шаңырақ түріндегі кө түсті күмбездің басында алтын жарты ай, жоғарыға ұмтылған көк мұнаралары және айбынды саты – жаңа мешіттің ерекшеліктері.
Мешіттің ғимараты мөлшері 48Х48 метрлік сегіз ұшты жұлдыз болып көрінеді, мұнаралардың биіктігі- 63 метр, жарты айы бар күмбездің биіктігі- 54 метр. Мешіттің әшекейі- 434 шамдары бар «Зумрад» таза шыны аспашам Ташкентте әзірленген. Мешіт павлодардың орталығында орналасқан және сәулеттік, сатының табанынан қарайтын болсақ, бейбітшілік және мейірімділік үшін ашық жүрекке ұқсас..
Ескерткіш туралы
Торайғыров және Сәтпаев көшелерінің қиыолысында үлкен тұрғын алабының аясында 2000 жылғы 25 қазанда ақын С. Торайғыровқа ескерткіш орнатылған. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ демократ ақыны, Баянауыл ауданының тумасы. Қысқа ғұмыр кешіп, ол қазақ әдебиетінде өзінің ашық ізін қалдырды.
Ақынның ескерткіші қоладан, тұғыры қызыл және қара граниттен жасалған. Мемориалдың аясы болып табылатын көркем мұражайдың қабырғасы авторы жас дарынды сәулетші Мұрат Мәнсүров табылатын екі сюжеттік бедермен толтырылған. Ол С. Торайғыровтың шығармаларының тақырыптарын пайдаланған. Әр бедердің биіктігі 3 метр, ені 6 метр. Ескерткіш қарағайдың қасында тұрған ақынның қола пішіні болып көрінеді. С. Торайғыров лирик ақыны және романтик ретінде бейнеленген- жастыққа тиесілі сипаттар. Қайғылықтың элементтерін тұғыдың шешімі толықтырады- қызыл және қара граниттің үйлесуі және пирамида түріндегі екі кішкентай сәулеттік нысандар. Пирамидалар ақын айтарлықтай ұзақ өмір сүргенде қазақ әдебиетінде одан да биік шыңдарға жете алатынын көрсетеді. Мүсіннің авторы Өнерге Еңбегі сіңген қайраткер Есхан Сергебаев. С. Торайғыровтың мемориалы қаланың әшекейіне және республикалық маңызды ескерткішке айналды.