БИЗНЕС-
күнтізбе
көру

Аймақтың экономикасы

Негізгі экономикалық көрсеткіштер.

Негізгі экономикалық көрсеткіштер. 2017 жылдың жалпы аймақтық өнім- 4,93 млрд. USD

  • Өнеркәсіп
  • Көлік және қоймалау
  • Сауда
  • Құрылыс
  • Ауыл шаруашылық
  • Тағы басқа

Негізгі капиталға инвестициялар,, млн. USD

Павлодар облысы- Қазақстанның басты индустриялық аймақтарының бірі. Мұнда ТМД экономикалық кеңістіктігіндегі минералды және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын дәстүрлі күрделі өндірістердің және кәсіпорындардың оңтайлы үйлестіруі бар ірі аймақтық- өндірістік кешенінің бірі тарихи қалыптасқан. Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, оның Орта Азия мен Сібір арасындағы байланыс рөлі әртүрлі елдердің және континенттердің өнеркәсіппен айналушылары мен кәсіпкерлерінің көз жазбау назарларын тартады. Сонымен бірге, экономикалық деңгейдің осы көрсеткіштеріне аймақтың басқа да тартымды сипаттарын қосуға болады: дамыған банк саласын, шағын және орта бизнестің серпінді дамуы, жоғары таптағы мамандардың, заманауи көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымның болуын, шетел инвесторларының қатысуын, дамудың мемлекеттік бағдарламаларының болуын. Павлодар облысының аймағында көп салалы индустриялық кешен қалыптасқан. Аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін экспортқа бағытталан ірі өнеркәсіптік компаниялар анықтайды. Олар көмірді, электр және жылу қуатын, глиноземді, ферроқорытпаларды шығарады. Облыстың үлесіне Республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%, республикалық көмір шығарудың 70%-на жуық, ферроқорытпаларды республикалық шығарудың 3/4, электр қуатын және мұнай өнімдерін республикалық шығарудың 40%-на жуық келеді. Облыста химиялық, машина жасау және металл өңдеу салаларының кәсіпорындарын дамыту үшін жеткілікті әлеуеті бар. Облыста әртүрлі меншік нысандағы 5 мыңға жуық кәсіпорындар белсенді жұмыс атқарды. Сонымен қатар аймақ ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша шикізат базасына және өндірістік әлеуетке ие. Қазақстанның энергетикалық жүрегі- Екібастұздың ең ірі электр станциялары, Ақсу СРЭС, сонымен қатар Павлодар өнеркәсіптік кешенінің энергияны көп тұтынатын кәсіпорындарына қызмет көрсететін бірқатар ірі жылу станциялары. Осы электр станцияларының сөзсіз артықшылығы болып көмір көздеріне және электр мен жылу қуатын тұтынушыларға деген жақын орналасуы табылады. Облыста ауыл шаруашылығына да әжептеуір рөл бөлінеді. Аймақтың ауыл шаруашылық пайдалы жерлерінің ауданы 11,2 млн. га құрады. Облыста өсірілетін негізгі дақыл болып бидай табылады- егістердің ауданының жартысына жуық. Егістердің 15-17 % жуығы басқа дәнді дақылдарға жатады. Сонымен қатар облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі. Облыста құрылған өнеркәсіп әлеуеті көліктік коммуникациялардың және көліктік-экономикалық байланыстардың кеңеюінің қажеттілігіне себепшіл болды. Облыс күрделі көліктік- коммуникациялық торап болып саналады: мұнда еліміздің оңтүстігіне (Шымкент қ.) дейінгі ең ірі қазақстан ішіндегі мұнай құбыры, Қазақстанның және Ресейдің әртүрлі аймақтарына электр қуатының қиыр беріліс жолдары, Ертіс-Қарағанды- Жезқазған каналы, Ресейге, еліміздің орталығына және оңтүстігіне баратын темір жолдары бастау алады.

ТУРИЗМ

ЛОГИСТИКА

МАШИНА ЖАСАУ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

ҚҰРЫЛЫС

/?p=236

ХИМИЯЛЫҚ САЛА

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ
ӨНЕРКӘСІП

ЭКОЛОГИЯ

МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ӨНЕРКӘСІП

ТАУ КЕН ҚАЗУ ӨНЕРКӘСІБІ

АҒАШ ӨНДЕУ
ӨНЕРКӘСІБІ

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІБІ