БИЗНЕС-
күнтізбе
көру

Жалпы ақпарат

География

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі. Тиімді орналасуы облысқа басқа мемлекеттермен және Қазақстанның облыстарымен Оңтүстік-Сібір және Орта Сібір темір жол желісі, автомобильдік, авиациялық, электронды, құбыр желілері арқылы және көліктің өзен түрлерімен байланысуға мүмкіндік береді. Павлодардың Ертіс бойында барлығы бар: тегіс, шексіз дала, аққайың шоқ тойғайлары бар орманды дала, таспа қарағай орманы, көптеген көлдер. Ежелгі Ертіс облысты бірдей екі бөлікке бөлген. Оның алқабы бірегей және мол. Облыстың көп бөлігінде ежелгіден қазақтар Сарыарқа- Алтындала деп атаған шексіз кең дала орналасқан. Ол шыныменен орасан зор байлықтарды қамтиды. Облыстың аймағында Баянауыл- Павлодарлық Ертіс өңірінің көркі- Қазақстан Республикасының ең әдемі жерлерінің бірі орналасқан. Шексіз даланың ортасындағы табиғаттың осы бірегей жаратылысы мен сұлулығына қызығып қарауға болады. Таулар, қарағай ормандары, жануарлар әлемі, Жасыбай, Торайғыр, Сабандыкөл көлдері ұмытылмас әсер етеді. Мұнда ең ірі демалыс аймағы және Қазақстан мен Ресейдің түпкір- түпкірлерінен келген мыңдаған туристтердің қажылық жасау орны орналасқан. Павлодар облысының суық созылмалы қысымен (5,5 ай), ыстық және қысқа жазбен (3 ай) сипатталатын климаты күрт құбылмалы болып табылады.

 

Тарихы

Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы- Павлодар қаласы, Қазақстанның ең әсем қалаларының бірі, Қазақстанның ең ірі өзені, Ертістің жағасында орналасқан.

Ежелгі кездер

Археологиялық зерттеулер Ертіс бойында тарихтан бұрынғы заман көптеген тайпалар өмір сүргенін көрсетеді. Ежелгі адамдардың қоныстарының іздері Баянауыл ауданында, Ертістің жағасында табылған. Тас құралдары, жебелердің және найзалардың кремнийлі ұштары табылды. Мыңдаған жылдар өтті, Ертіс өңірінде өмір сүрген әртүрлі тайпалардың мәдениет де өзгерді. Мұнда қимақтар, үйсіндер, қаңғылылар, наймандар көшіп жүрген. Қазіргі Павлодарлық Ертіс өңіріне тұңғыш экспедициялар мемлекеттік биліктің Сібірде және Тобол губерниясы құрылғаннан кейін бірден басталды.

Орта ғасырлар

Павлодардың негізі- пошталық әсери бекініс Коряковский қарт Ертістің жағасында сонау 1720 жылы салынды. 1838 жылы әскери бекініс аттас станицаға, ал 1861 жылы – Павлдар қаласына өзгертілді. 19 ғасырдың басында, ауыл шаруашылығының өркендеуі, ауыл шаруашылық шикізатты өңдеу бойынша салалардың дамуы, тау ісінің өркендеуі белгіленді. 19  ғасырдың екінші жартысынан бастап Екібастұзда көмір шығару, Коряков және Үлкен Қалқаман көлдерінде тұз шығару қазбалары жүргізілуде.

Біздің заманымыз

20 ғасырдың бірінші жартысында Құлынды-Павлодар (1923) темір жолының салынуымен және Ертістегі кеме қатынастың дамуымен шаруашылық жылдам қарқынмен дамыды. 1938 жылы облыс орталығына айналған Павлодар кеме жүзетін Ертіс өзенінің және темір жолдың қиылысында орналасып қалды, Екібастұзбен, Оралмен, Сібірмен сенімді байланысқа ие болды. Бұл қаланың және облыстың кейінгі дамуына мүмкіндік тудырды. Шағын шеберханалардың орнына ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар тұрғызылды. 1956 жылдан бері Павлодар тың және тыңайған жерлерді игеру орталықтарының біріне айналды. Тың игеру нәтижесінде облыстың егістік аудандары оңдаған есеге артты. Көмір шығару және тыңды игеру Павлодар облысының өндірістік күштерінің дамуына ықпал етті. Оңтайлы экономикалық- географиялық орналасуы, бай ресурстары, көліктік жолдардың, Ертіс-Қарағанды каналының

болуы құрамына Павлодар, Екібастұз, Ақсу (Ермак) кірген 1957 жылы Павлодар-Екібатұз

аймақтық-өнеркәсіптік кешеннің құрылуына мүмкіндік тудырды. Арзан Екібастұз көмірінің

негізінде энергетикалық база құрылды және өнеркәсіптің жаңа салалары дамыды: қара және түрлі-түсті металлургия, машина жасау, алюминийлік, мұнай өңдейтін және химиялық сала. Қазіргі кезде Павлодар облысы барлық облыстар арасында жоғары өнеркәсіптік әлеуетімен ерекшеленеді, көп салалы ауыл шаруашылығы бар, ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін толық қамсыздандырады. Бұнда көліктің, теңіз көлігін қоспағанда, басқа түрлері және өндірістік емес барлық салалар дамыған.

Мәдениет

Павлодарлықтар рақаттанып театрларға, мұражайларға, кітапханаларға, мәдени-сауықтыру мекемелерге барады. Қаланың мәдени-діни мұрасының ең маңызды объектілері – ол Мәшһүр Жүсіп атындағы Орталық мешіт және Благовещенск кафедралы соборы. Қала тұрғындары мұнда тек қана діни жораларды орындамайды, сонымен қатар осы құрылыстарды әдемі сәулеттік ғимараттар деп қабылдайды. Дәстүрлі түрде қаланы көгалдандыруға ерекше назар аударылады, әсіресе қалалықтардың көпшілігі демалатын жерлерде. Қаланың аймағында 33 гүл бағы, 5 желекжолдар, Ертіс өзенінің абаттандырылған Орталық жағалауы орналасқан.

Бос уақыт өткізу орындары

2 театр

  • Ж.Аймауытов атындағы Қазақ облыстық музыкалық драма театры,
  • А.П. Чехов атындағы Облыстық драма театры

 

5 мұражай

  • Потанин атындағы Облыстық өлкетану мұражайы,
  • Облыстық көркем мұражайы,
  • Бұхар Жырау атындағы Облыстық әдебиет және мәдениет мұражайы,
  • П. Васильев атындағы Мұражай үйі,
  • Шафердің үйі

 

4 Мәдениет үйі

  • «Космос»Достық Үйі,
  • Естай атындағы Қалалық мәдениет сарайы,
  • «Шаңырак» Ұлттық шығармашылық орталығы,
  • «Космос» Жастар үйі

 

Бос уақытты өткізетін басқа орталықтар

Облыста 24 кітапхана, 3 кинотеатр жұмыс істейді. Қазақстан халықтарының Шағын Ассамблеясының 18 этно-мәдени бірлестігі жұмыс істейді, 350-ға жуық ҮЕҰ әрекет етеді. Әрекет етуші ҮЕҰ санының өсуі мемлекеттік құрылымдардың қоғамдық ұйымдармен әлеуметтік әріптестікті қолдауға бағытталған өзара іс-қимыл жүйесінің нәтижесінде болады. Қазіргі уақытта «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық тиістілігінде екі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны, 17 балалар- жасөспірімдер және аула клубтарын қамтитын «Жігер» балалар және жасөспірімдер клубы», «жұмыспен қамту және балалар шығармашылығының орталығы» бар.

 

Туризм

Павлодар облысы өзінің бірегей табиғатының, географиялық орналасуымен, тарихымен туризмді дамыту үшін жеткілікті жоғары әлеуетке ие. Ішкі және келушілер туризміне ерекше артықшылық беріледі.

Дамудың серпіні.

Көрсеткіштердің өсуі серпінінің оң беталысы жылдан жылға сақталады және жыл сайын аймаққа туристтер санының 5-15%- ға біртіндеп өсуіне әкеледі. Жайғастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі 634728,4 мың теңге құрады.

 

Туристтердің саны

2016 жылдың 6 айында ішкі және келуші туризм бойынша жайғастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны 43 554 адамды құрды, сонымен қатар Баянауыл демалыс аймағында 2016 жылдың жазғы маусымында 148232 келуші болды.

Туристтік бизнес.

Облыстың аймағында 91 туристтік компания тіркелген, ішкі, сыртқа шығу және кіруші туризм саласында қызмет атқаратын оның 82- турагенттік және 9- туроператорлық компания. Павлодар облысының статистика департаментінің деректемелері бойынша жайғастырудың 92 объектісі жұмыс істейді: 51 мейманхана, 41 демалыс үйі.

 

Негізгі туристтік аймақтар

Объект туралы.

Ұлттық саябақтың жалпы ауданы 68452,8 га, оның ішінде орман өсетін саябақ 12927га. Ұлттық саябақтың аумағы үш филиалға бөлінген: Баянауыл- 19028 га, Жасыбай- 22094 га және Долбинский- 8596 га. Саябақтың аймағында үш ірі көл орналасады: Жасыбай, Торайғыр және Сабындыкөл. Саябақтың негізгі орографиялық элементтері: – аласа таулар және ұсақ шоқылар 350- 500 метрлік абсолюттік биіктігі бар қатарлармен, дөңдермен және шоқылармен көрсетілген тау аралық алаптармен ауысып отыратын көптеген тастың ашылуыларының кенет елесті бейнелерімен; – ортатаулық: Ақбет тауы – 1026 м, Алабас таулары- 700 м. Жалпы алғанда ауданның бедері тар алқаптардың, шатқалдардың және сайлардың тығыз желісімен бөлшектенген. Ұлттық саябақ Қазақ ұсақ шоқылар шығуларының аймағында орналасқан және өзінің микроклиаттық жағдайлары бойынша қоршаған жазық кеңістіктен ерекшеленеді, мемлекеттік табиғи-қорықтағы қордың геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілері бар. Олар ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылық болып саналады және ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың санатына жатады. Республикалық маңызды объектілерге: Драверта үңгірі (жартасқа салынған суреттермен), ұмыра үңгірі (3 м. сарқымамен), Әулие тас тау қуысы (ұзындығы 22 м), Қоңыр әулие тау қуысы, Әулиебұлақ қайнары, Телеу бұлақ қайнары, Айман бұлақ шатқалы, Тас ғажайыптар шатқалы, рахай шатқалы, Үшсала шатқалы жатады. МҰТС аймағында 35 демалыс үйі бар, олардың Жасыбай көлінде- 28, Сабындыкөл көлінде- 5, Торайғыр көлінде- 2 демалыс үйі және 2 балалар лагері мекендеу орындарын, қайықтарды, катамаранды, саяхаттар үшін автобустарды, жазғы маусымда мәдени шараларды ұсынумен. Қазіргі уақытта ұлттық саябақтың аймағында 37 археологиялық мұралар, табиғи мұралар және көрсету жерлері бар. Саябақтың аймағында туризмді дамыту мақсатында жалпы ындығы 208,5 м 11 туристтік бағыттар және 1 ботаникалық соқпақ әзірленген және бекітілген. Статистиканың деректемелері бойынша 2016 жылдың 6 айы ішінде Баянауыл шипажай аймағына 5848 адам келіп кеткен.

Аймағы туралы.

Табиғи қорғалатын және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ. 2003 жылы құрылған Павлодар облысының таспа шоққарағайларында 277961 га орналасқан. «Ертіс орманы» МОТР екі филиалдан – Шалдайдан (ауданы 143247 га, орталығы Шарбақты ауданының Шалдай кенті), Бесқарайғайдан (ауданы 134714 га, орталығы Лебяжі ауданының Шақа кенті) және 16 орманшаруашылығынан тұрады. Аймақ қорғалудың «ерекше құндылы орман сілемдері» деген санат берілген.

Аймағы туралы

Павлодар облысы халықаралық шипажайға айналу әлеует бар аймақтардың болуымен бірегейлі. Мойылды, Маралды, Тұз қала, Қызыл тұз көлдері ерекше кеңінен танымалдыққа ие. Маралды- сауықтыру және жасартатын әсер беретін өзінің минералдандырылған лай балшықтарымен және шипалы суымен әйгілітабиғи тұзды көл Шарбақты ауданы Маралды ауылының жаңында орналасқан және ащы тұзды су айдыны болып табылады. Ұзындығы- 9,5 км, ені- 7,7 км, ауданы 4800 га, көл шарасының ауданы- 56,5 км2. Көлдің балшықтары Қазақстан шегінен тысқары әйгілі және бальнеологиялық қаситеттері бойынша Қырым мен Кавказдың ұқсас минералдық шикізатынан кем емес, ал кейбір көрсеткіштері бойынша олардан озып кетеді. Маралды көлінің түбіндегі судың температурасы көлдің бетіндегі температурасынан 10-15 градусқа жылы. Сарптан және буындардың ауруынан емдейтін шипалы балшықтың қоры 100 мың текше метрмен бағаланады. Көлдің түбінде сонымен қатар көк косметикалық саздың кендері бар. Ал тұзды судың тығыздылығы денені көлдің бетінде ұстайды. Көлде бар аrtemia salina шаяндар суға қызғылт түс береді. Оларды парфюмериялық және фармакологиялық өнеркәсіпте пайдаланады. 2006 жылы республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорыққор объектілерінің тізбесіне енгізілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 932 қаулысы). Көл суының және балшығының минералдық құрылымын зерттеу үшін мемлекеттік сатып алулар өткізілді. Конкурстың қорытындылары бойынша жеңімпаз анықталды- С. Торайғыров атындағы ПМУ. Судың құрылымы жайындағы мәселенің оңды шешілуі жағдайында инвесторларды іздестіру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Маралды көлінде туризмнің дамуы ұсынылған медициналық қорытындыға байланысты болады. Егер қорытындыда көлде дәрігерлік бақылау керектігі ұсынылатын жөнінде болса, онда шипажайды салу үшін инвесторларды тарту қажет болады. Тұздың төмен шоғырлануында және көлде дәрігердің бақылауынсыз болуға рұқсат болса, аймақты жайластыру және туристтік объектілерді салу қажет болады.

Аймағы туралы.

Құрамында жоғары минералдандырылған лай балшықтары және шипалы суы бар табиғи көл, бұл ерекеше тиімді ем болады. Өзінің емдік қасиеттерімен белгілі Қалатұз тұзды көлінде (Лебяжі ауданындағы Ямышево ауылы) аймақтың және көрші облыстардың тұрғындары үшін қолайлық бар (душ, монша, шағын дәмхана) демалыс аймақтары ашылған. Қалатұз тұзды көл ауаның және тұзды судың үйлесіміне ие. Көлдің суы және балшықтары бұлшық еттің ширығу, қабыну, ауыруларын төмендетеді, қан айналымын басады және нығайтады, жасартатын әсерге ие. Көл Павлодардан 50 км қашықтықта орналасқан (Семей қ. жағына).

Экономика

Павлодар облысы- Қазақстанның басты индустриялық өңірінің бірі. Мұнда ТМД экономикалық кеңістіктігіндегі минералды және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын, дәстүрлі күрделі өндірістер мен кәсіпорындардың оңтайлы үйлестіретін бар ірі аймақтық- өндірістік кешенінің бірі ретінде тарихта қалыптасып отыр. Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, Орта Азия мен Сібір арасындағы байланыс рөлі әртүрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіппен айналушылары мен кәсіпкерлерінің назар аударып отыр.