БИЗНЕС-
күнтізбе
көру

Мемлекеттік- жеке меншік әріптестігі

Мемлекеттік- жеке меншік әріптестігі (МЖӘ)

Мемлекеттік- жеке меншік әріптестігі (әрі қарай – МЖӘ) – ол Заңнамада белгіленген сипаттарға сәйкес келетін мемлекеттік әріптестің және жеке меншік әріптестің арасындағы ынтымақтастық нысаны.

Нормативтік актілер

МЖӘ саласындағы қызметті реттейтін негізгі нормативтік актілер болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жеке меншік әріптестігі туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 жылғы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» №725 бұйрығы;
  • «Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік- жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік- жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 № 724 бұйрығы.

МЖӘ жобаларының жіктелуі

Жобаның нәтижесінде пайда болатын мүліктің меншіктігіне және бенефициардың деңгейіне байланысты МЖӘ жобалары республикалық және жергіліктерге бөлінеді.

Агенттіктің МЖӘ саласында инвестицияларды тарту бойынша рөлі

Мемлекеттік жеке меншікті әріптестіктің жобаларында, тұжырымдамалардың жобаларын қоса есептегенде, кеңестік қолдау. Тендерлік құжаттама, келісімшарттар, оның ішінде МЖӘ субъектілері арасындағы келіссөздік үдерістердегі кеңес беру қызметтері. МЖӘ жобаларын жүзеге асыру саласында Агенттік келесі қызметтер көрсетеді: Кеңес беру қызметтері (ақысыз), Тұжырымдаманың жобасы әзірлеу (ақылы), Конкурстық құжаттаманың жобасын әзірлеу (ақылы), Келісімнің жобасын әзірлеу (ақылы). 

Кеңес беру қызметтері (ақысыз)
Тұжырымдаманың жобасы әзірлеу (ақылы)
Конкурстық құжаттаманың жобасын әзірлеу (ақылы)
Келісімнің жобасын әзірлеу (ақылы)